АҚШ-тағы атыста 20 шақты адам көз жұмды

925

40-қа жуығы жарақат алған.

АҚШ-тағы атыста 20 шақты адам көз жұмды

АҚШ-тың Техас штатында супермаркет ішінде атыс болып, кемінде 20 адам қаза болды. Бұл туралы штаттың вице-губернаторы Дэн Патрик хабарлады, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

Сондай-ақ, 40-қа жуық адам жарақат алған, олардың көбінің жағдайы ауыр, ауруханада жатыр.

БАҚ-тағы мәліметтерге сүйенсек, қолға түскен күдікті 21 жастағы Патрик Крузиус жұртқа оқ жаудырардан бұрын әлеуметтік желіде Бретон Харрис Таррантпен ниеттес екенін жазған. Таррант наурыз айында Жаңа Зеландияда "шет елдер тарапынан озбырлыққа" қарсылық ретінде атыс ашқан еді.

Дегенмен қылмыскерлер саны әлі нақты аталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу