АҚШ-та әуе шоу кезінде жойғыш ұшақ жарылды

387

Ұшқыштар секіріп үлгерген.

АҚШ-та әуе шоу кезінде жойғыш ұшақ жарылды Фото: РБК

АҚШ-тың Мичиган штатындағы Уиллоу әуежайының маңында көрсетілген әуе шоуы кезінде ұшақ құлады, деп хабарлайды  inbusiness.kz Click on Detroit басылымына сілтеме жасап.

Шараны ұйымдастырушылардың өкілінің айтуынша, МиГ-23 жойғыш ұшағы тұрғын үйдің алдына құлаған.

Оқыс оқиға кезінде, ұшқыштар секіріп үлгерген. Олар қазір ауруханада жатыр.

Төтенше жағдайдан кейін шоу тоқтатылып, көрермендер таратылған.

Америка Құрама Штаттарының Федералдық авиация әкімшілігі апатқа қатысты тергеуді бастады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу