АҚШ-та балалар автобусы аударылды

432

Қаза тапқандар бар.

АҚШ-та балалар автобусы аударылды Фото: bagnet

Нью-Йорк маңындағы трассада оқушылар автобусы аударылып, бір адам қаза тапты, тағы 46 адам зардап шекті. Бұл туралы ABC хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Марқұмның жасы туралы ақпарат берілмейді. Зардап шеккендердің арасында балалар бар екені белгілі.

CBS телеарнасының мәліметі бойынша, лагерьге 300-ге жуық оқушыны тасымалдаған алты автобустың бірі аударылды. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу