АҚШ-та балмұздақ компаниясы "Эскимо" атауын өзгертуге мәжбүр болды

1000

  Құрама Штаттарындағы жүйелі нәсілшілдікке байланысты наразылық шаралары аясында көптеген сауда маркаларында өзгерістер орын алуда.

АҚШ-та балмұздақ компаниясы "Эскимо" атауын өзгертуге мәжбүр болды

Dreyer's Grand Ice Cream компаниясы осыдан 99 жыл бұрын ойлап тапқан Eskimo Pie фирмалық балмұздағының атауын өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат New York Post-қа сілтеме жасап.

"Біз нәсілдік теңдік мәселесін шешуге септігімізді тигізуге тырысамыз. Бұл термин кемсітушілікті көрсететінін мойындаймыз", – деп жазылған компанияның маркетинг жөніндегі директорының мәлімдемесінде.

Тәттінің атауын өзгерткен компания енді өздерінің логотипі мен жарнамасын да ауыстырады.

Америкадағы полиция қатыгездігі мен Құрама Штаттарындағы жүйелі нәсілшілдікке байланысты наразылық шаралары аясында көптеген сауда маркаларында өзгерістер орын алуда.

Еске сала кетейік, тәртіп сақшыларының қолынан қаза тапқан африкоамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін Лондон мен әлемнің басқа да елдерінде наразылықтар мен толқулар басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу