АҚШ-та белгісіз біреу шіркеудегілерге оқ жаудырды

772

АҚШ-та белгісіз біреу шіркеудегілерге оқ жаудырды

АҚШ-тың Техас штатында винтовкамен қаруланған ер адам шіркеу ішінде жиналғандарға оқ жаудырған, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Оқиға жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да (Астана уақытымен 23:30) Сазерленд Спрингсте орналасқан "Бірінші Баптистер шіркеуінде" болған.
"Атыс салдарынан 26 адам қаза тапты, олардың арасында 5 жасар бала да бар. 20 шақты адам ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімет берді штаттың қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі басқарма басшысы Фриман Мартин. 
Оқ жаудырған адам өз көлігінде өлі күйінде табылған. Алайда оны кім атып өлтіргені әлі белгісіз.
"Ер адам өзін-өзі атып өлтірді ме, әлде атысқа қатысқан жергілікті тұрғындар атты ма, әзірше білмейміз", — дейді Мартин баспасөз мәслихаты барысында.  
Губернатордың айтуынша, шабуыл жасаған ер адамның кім екені, сонымен бірге қылмыс себептері әлі анықталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу