АҚШ-та болған дауылдан 22 адам көз жұмды

990

40-тан астам адам жарақат алған.

АҚШ-та болған дауылдан 22 адам көз жұмды

АҚШ-тың Алабама штатындағы Ли округінде торнадо салдарынан көз жұмғандар саны 22 адамға жетті, деп хабарлайды ntv.ru.

Губернатор Кэй Айви штатта төтенше жағдай жариялады.

Ал ел президенті Дональд Трамп қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

"Алабама мен оған көршілес аймақтардың ұлы халқына: бекем болыңыздар, абай болыңыздар! Торнадо мен дауыл шынында да алапат болды, алайда бұдан да күшті болуы мүмкін. Құрбан болғандар мен зардап шеккендердің отбасылары мен достарына: Құдай сақтасын сіздерді!", – деп жазды Трамп Twitter желісіндегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу