АҚШ-та деректер базасындағы ақау әуе қатынасының жұмысына кедергі келтірді

423

АҚШ федералды авиация әкімшілігінің (NOTAM) ұшқыштарды ескерту жүйесіндегі техникалық ақау 8,6 мыңнан астам рейстің кешігуіне және 1,2 мыңнан астам рейстің тоқтатылуына әкелді. 

АҚШ-та деректер базасындағы ақау әуе қатынасының жұмысына кедергі келтірді Фото: img4.eadaily.com

Бұл туралы Inbusiness.kz CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"8 609 ішкі және халықаралық рейстер кешігіп, 1 251 рейс тоқтатылды", — делінген хабарламада.

FAA "әуе қозғалысы АҚШ-та біртіндеп қалпына келеді" деп атап өтті.

АҚШ министрі Пит Буттиджичтің айтуынша, "АҚШ билігі қарастыруы керек негізгі мәселе: жүйенің істен шығуы оның ескіргенінің белгісі ме?".

Кейінірек әуе реттеушісі АҚШ-тағы ішкі рейстердің бірнеше сағатқа тоқтатылуына әкеліп соқтырған ұшқыштардың ескерту жүйесінің бұзылуына себеп дерекқордағы бүлінген файл екенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу