АҚШ-та Диснейленд коллекциясы аукционға қойылады

414

Экспонаттар қатарында Уолт Диснейдің өзі айдаған, 1917 жылы шыққан Форд көлігі бар.

АҚШ-та Диснейленд коллекциясы аукционға қойылады Фото: Daily Mail

Диснейленд коллекциясы аукционға қойылады. Сатылымға шығатын 1500 экспонаттың бәрі коллекционер Джоэл Мэгиге тиесілі. Бір ерекшелігі, оның әрқайсысы эксклюзивті топтамадан, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ал, Джоэл - 30 жылда 6 мыңнан астам экспонат жинаған ең бай коллекционердің бірі. Аукционға қойылатын ерекше тауар - Уолт Диснейдің өзі айдаған, 1917 жылы шыққан Форд көлігі. Сондай-ақ, 1960 жылдары Диснейлендте қолданылған пілдерге арналған "Дамбо" аттракционы бар. Мэгидің сөзінше, ол "Диснейдің ең ерекше заттарын бүкіл әлем бойынша іздеген". Айта кетерлігі, 1500 экспонатты келушілер Калифорниядағы тегін көрмеден 16 шілдеге дейін тамашалай алады. Ал, аукцион Ван Итон галереясында Диснейлендтің 68 жылдығына арналып, өткізіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу