АҚШ-та ер адам әйел болып киініп, үш банкті тонап кетті

303

Қарақшының жеке басын анықтау әлі мүмкін болмай жатыр.

АҚШ-та ер адам әйел болып киініп, үш банкті тонап кетті Фото: АВС News

Техаста ер адам әйел болып киініп, үш банкті тонады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап.

Ол банкке кіріп, кассирге қоқан-лоққы мәтініндегі жазбаны көрсетіп, оған қолма-қол ақша беруді талап еткен. Ақшаны алып алған соң, бөлімшеден шығып, белгісіз бағытта қашып кеткен.

"Тонау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ", — деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта офицерлер күдіктінің жеке басын анықтап жатыр. Бойының ұзындығы шамамен 170 см болатын орташа денелі қара нәсілді адам екені белгілі.

"Ол қара шашты, күннен қорғайтын көзілдірік, көк медициналық маска, жасыл жемпір және қара аяқ киім киген. Қара сөмке ұстаған", - дейді тергеушілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу