АҚШ-та Федералдық қор жүйесінің төрағасына қатысты қылмыстық тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік басылымға сілтеме жасап.
АҚШ-тың Колумбия округінің прокуратурасы Федералдық қор жүйесінің төрағасы Джером Пауэллге қатысты қылмыстық тергеу бастады. The New York Times хабарлауынша, тергеу резерв жүйесінің бас кеңсесін жөндеуге кеткен шығындармен тікелей байланысты. Тергеу Пауэллдің жария мәлімдемелерінен және шығындар туралы есептерді тексеруден тұрады. Колумбия округінің прокуроры Жанин Пирро бұл шараларды 2025 жылғы қарашада мақұлдаған. Америкалық БАҚ Пирроны АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрыннан бергі жақтасы деп сипаттады.
Пауэлл Федералдық қор жүйесінің сайтында үндеу жариялады.
"Мен заң үстемдігін, демократиядағы есеп беруді аса құрметтеймін. Ешкім, әсіресе Федералдық қор жүйесінің төрағасы заңнан жоғары емес. Алайда бұл әрекеттерді саяси мазмұнда, әкімшілік қысым аясында қарастыру керек", – деді Джером Пауэлл.
Пауэлл әділет министрлігінің әрекеті Федералдық қор жүйесінің ғимараттарын реконструкциялаумен байланысты емес деген пікірде. Оның айтуынша, бұл резерв жүйесінің ақша-несие саясатына қатысты. Ол қорда жұмысын жалғастыра беретінін жеткізді. Джером Пауэллдің өкілеттігі 2026 жылғы мамырда аяқталады.