АҚШ-та із-түзсіз жоғалған Әсет Құралбай қаза тапты

94

Сыртқы істер министрлігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына ауыр қайғыларына байланысты көңіл айтты.

АҚШ-та із-түзсіз жоғалған Әсет Құралбай қаза тапты Фото: threads.com/@bostonglobe

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдары бұрын табылған адамның жеке басын анықтағанын ресми түрде растап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ол Қазақстан азаматы Әсет Құралбай болып шықты", – деп мәлімдеді сыртқы саяси ведомство.

Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және Әсет Құралбайдың туыстарымен тұрақты байланыста. Отбасына құжаттарды рәсімдеу және мәйітті елге жеткізу мәселелері бойынша қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, кеше кешкісін дипломаттар АҚШ-та іздеу жарияланған Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғанын хабарлады.

Туыстарының айтуынша, Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусым күні байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны қолжетімсіз болып қалған. Марқұмның жеке құжаттары мен банк карталары үйінде қалған. Іздеу жұмыстары барысында 10 маусым күні полиция жігіттің жеке көлігі Toyota Camry табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу