АҚШ-та көпір құлағанда жоғалған адамдар әлі табылған жоқ

322

АҚШ-тың Мэриленд штатының Балтимор қаласында көпір құлағанда жоғалып кеткен 6 адам әлі табылған жоқ.  

АҚШ-та көпір құлағанда жоғалған адамдар әлі табылған жоқ Фото: Harford County MD Fire & EMS / Reuters

Олар тірі емес деген болжам бар. Ұзындығы 2 жарым шақырымдық өткел опырылып түсерде оның үстінен бірнеше көлік өтіп бара жатқан.

Ауқымды құтқару операциясына тікұшақтар мен қайықтар тартылып отыр. Әзірге, судан екі адам тірі табылды. Олардың бірі - хәл үстінде жатыр.

Айта кетейік, Балтимор көпірінің бір бағанын мыңдаған тонна жүк тиелген кеме соққан еді. Су көлігінің экипажы апат алдында дабыл қағып, энергия жүйесінде ақау барын айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу