АҚШ-та қор саудасы оң көрсеткіштерге ие болды

468

WTI сұрыпты мұнай бағасы төмендеді. 

АҚШ-та қор саудасы оң көрсеткіштерге ие болды

Нью-Йорктың қор биржасындағы соңғы сауда қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер өсті. Бұған Ақ үй басшысы Дональд Трамптың 2021 жылға арналған бюджетті бекітуі түрткі болды. 

Dow Jones 204,10 пунктке көтеріліп, 30403,97-ге жетті. S&P 500 индексі 32,30 пунктке жоғарылап, 3735,36-ға дейін өсті. NASDAQ болса, 94,69 пунктке көтерілді, қазіргі деңгейі – 12899,42 пункт. 

27 желтоқсанда Трамп экономиканы ынталандыру және мемлекеттік шығыстар туралы заң жобасына қол қойған болатын. Экономиканы ынталандыруға бөлінетін қаражат жұмыссыздарға жәрдемақы төлеуге, әр жеке тұлғаға 600 доллардан үлестіруге, экономиканың бірқатар саласын, білім беру жүйесін, шағын бизнесті қаржыландыруға бағытталмақ. Кей сарапшылардың ойынша, бұл бюджет қыс мерзіміндегі қиындықты еңсеруге септігін тигізбек.

WTI сұрыпты мұнай бағасы 1,10%-ға төмендеп, қазір оның бір баррелі 47,70 долларға саудаланып жатыр.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу