АҚШ-та коронавирусқа қарсы 2,9 млн вакцина салынды

1135

Әлемде 63 миллоннан аса адам коронавирусқа қарсы вакцина алған. 

АҚШ-та коронавирусқа қарсы 2,9 млн вакцина салынды

Соңғы тәулікте АҚШ-та COVID-19 вирусына қарсы 2,9 миллион екпе салынған. Бұл туралы президенттің Энди Слевит мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл – вакцинация басталғаннан бергі екпенің максималды мөлшері.  АҚШ коронавирусты жұқтырғандар (29 миллионға жуық) мен өлім жағдайы (524 мыңнан астам) бойынша әлемде көш бастап тұр. Мұнда 328 миллион адам тұрады. 

Польшада соңғы аптада COVID-19 жұқтырғандар саны 23%-ға өскен. Билік коронавирустың үшінші толқыны басталғанын айтып жатыр. 
6 қаңтарда Польшаның денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте 14 800 адамның коронавирус жұқтырғанын, 245 адам қайтыс болғанын мәлімдеген.

Чехияда да жағдайы күрделі. Мемлекет COVID-19 жұқтырғандар саны
бойынша Еуропалық одақта көш бастап тұр (1 миллион тұрғынға шаққанда 115,7 мың адам). Карловы Вары әкімдігінің өкілі Ян Копаланың айтуынша, аймақта коронавирустың "британиялық" штамы басым. 

Израильде локдаунды алып тастаудың үшінші кезеңі басталады. Тұрғындарға вакцинаның екі дозасы егілгеннен кейін елде көптеген шектеу жеңілдетілді. Коронавирусқа қарсы екпе алған израильдіктерге кафе мен мейрамханада отыруға рұқсат берілді.

Халықтың жалпы санына шаққанда Словакия коронавирустан
қайтыс болғандар саны бойынша әлемдегі ең жоғары көрсеткішті көрсетіп тұр. Мұнда 7 мыңнан аса адам аурудан қайтыс болған.

Парагвай COVID-19 науқастарын емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жетіспейтінін және мемлекеттік ауруханалардағы реанимация бөлімшелеріндегі барлық төсек-орын бос емес екенін мәлімдеді. 
Мұнда 166 мыңға жуық коронавирус жұқтырған. 3 300-ге жуық науқас аурудан көз жұмған. Бұл елде 7 миллионнан аса адам тұрады.

Айта кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 116 миллионнан асқан, ал 65 миллион 800 мың адам дерттен айыққан. 2 миллион 59 мың адам аурудан қайтыс болған.

Сондай-ақ әлемде 63 миллоннан аса адам коронавирусқа қарсы толық вакцина алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу