АҚШ-та қысқы дауыл салдарынан әуе рейстерді тоқтатылды

397

Рождество қарсаңында АҚШ-тағы авиакомпаниялар қарлы боранға байланысты рейстерді тоқтатуға мәжбүр, қазірдің өзінде 2200-ден астам рейс кейінге шегерілді. 

АҚШ-та қысқы дауыл салдарынан әуе рейстерді тоқтатылды Фото: s0.rbk.ru

Алдағы күндерде осындай ауа-райының сақталады, көптеген штаттарда аяз, қатты жел болып, қалың қар жауады, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Wall Street Journal ақпаратына сілтеме жасап.

Басылым 22 желтоқсанға жоспарланған рейстердің 1400-ден астамы тоқтатылғанын атап өтті. 23 желтоқсанда тағы 700 рейс жоспарланған болатын және олар да кейінге шегерілді. Жүздеген адам діттеген жеріне жете алмай әлек. Теміржол қатынасы де тежеліп тұр.  

Ауа райының қолайсыздығынан рейстер көбіне Денвер мен Чикаго әуежайларында тоқтатылды. Атап айтқанда, Чикагодағы О' Хара халықаралық әуежайында рейстердің шамамен 20%-ы орындалмаған.

Алдағы күндерде осындай ауа-райының сақталады. Қазірдің өзінде қардың қалыңдығы кей өңірлерде 1 метрге жеткен. Болжам бойынша, ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Кентукки мен Солтүстік Каролинада төтенше жағдай жарияланды. Мұндай суық  елде соңғы 40 жылда болмаған екен.  Ұлттық метеорология қызметі тұрғындарды алыс жолға шықпауға және сақ болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу