АҚШ-та медициналық ұшақ апатынан 4 адам көз жұмды

405

Апаттың себебі әзірге белгісіз. 

АҚШ-та медициналық ұшақ апатынан 4 адам көз жұмды Фото: © Zuma\TASS

АҚШ-тың Нью-Мексико штатында медициналық ұшақ апатқа ұшырады. Бортта болған 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Оқиға бейсенбі күні таңғы уақытта болған. Таулы аймақтағы Руидосо қаласы маңында шағын медициналық ұшақ апатқа ұшырап, бортта болған төрт адамның барлығы қаза тапты. Апаттан кейін орман алқабында өрт шыққан.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, құрғақ әрі желді ауа райына байланысты түске қарай өрт аумағы 35 акрға (14 гектарға) дейін ұлғайған. Аудан билігі тілсіз жаудың өршуіне алаңдаушылық білдірді. Төтенше қызметтер АҚШ Орман қызметімен бірлесіп, өртті ауыздықтау жұмыстарын жүргізіп жатқаны айтылған.

Апатқа не себеп болғаны белгісіз. Қаза тапқандар – ұшу экипажы мен медицина қызметкерлері. Олардың аты-жөндері әзірге жарияланған жоқ.

Руидосо – тау баурайындағы шағын қала. Халқының саны 8 мыңға да жетпейді. Шаһар Нью-Мексико штатында орналасқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу