АҚШ-та мектепте болған атыстан 3 адам қаза тапты

725

АҚШ-та мектепте болған атыстан 3 адам қаза тапты

АҚШ-та мектепте оқ атылып, 3 адам қаза тапты. Тағы біреуі жараланған. Марқұмдар арасында 8 жастағы бүлдіршін де бар, деп хабарлайды 24.kz.

Оқыс оқиға Калифорния штатындағы Сан-Бернардино қаласында болды. Білім ошағына қару алып келген ер адам мұғалімді атып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған. Атыс кезінде екі оқушыға оқ тиіп, кейіннен олардың бірі ауруханада жан тапсырған.

Полицейлердің хабарлауынша, қаскөй көз жұмған ұстаздың туысы болып шықты. Оны бұл әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз. Оқыс оқиғадан кейін оқушылар мен мектеп қызметкерлері бірден эвакуацияланған. Ал оқу орны жабық тұр.

"Мен болған оқиға жайлы көршімнен естідім. Ол жаңалықтарда мектептегі атыс туралы хабарланғанын айтты. Баламды құшағыма алғанша өзімді қоярға жер таппадым. Атыс болғанда ол үстелдің астына тығылып қалған екен. Қызым қатты қорыққан", – дейді Элизабет Барахас.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу