АҚШ-та мерзімінен бұрын дауыс беру үшін сайлау бөлімшелері ашылады

1159

АҚШ-та мерзімінен бұрын дауыс беру үшін сайлау бөлімшелері ашылады

АҚШ-тың 6 штатында президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру үшін сайлау бөлімшелері ашылды. Солардың ішінде Флорида штатындағы саяси шараның нәтижелері аса маңызды болып отыр. Өйткені мұнда кандидаттар арасындағы айырмашылық мардымсыз. Негізі мерзімінен бұрын дауыс беру АҚШ-тың 32 штаты мен Колумбия федералдық аймағында рұқсат етілген. Ал, кейбір штат тұрғындарына пошта арқылы таңдау жасау мүмкіндігі де ұсынылды, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кеткен жөн, АҚШ-та президенттік сайлау 8 қарашада өтеді. Жергілікті билік "оған дейін америкалықтардың 40%-ы мерзімінен бұрын дауыс беруі мүмкін" деп пайымдап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу