АҚШ-та мигранттар мәселесі қиындап барады

290

Себебі мұнда жан-жақтан ағылған босқын саны азаяр емес.

АҚШ-та мигранттар мәселесі қиындап барады Фото: reuters.com

Мамырдың 11-нен бастап шекара аспақ болған шетелдік босқындарға ереже қатаңдады. Мемлекет басшысы Байден коронавирус пандемиясынан кейін   Дональд Трамп кезіндегі қатаң саясатты жеңілдетіп, иммиграциялық жүйені халыққа қолайлы етуге уәде берген еді. Бірақ бұл уәде толық орындалмай тұр.  

Иммиграциялық заңның 42-ші бабына енгізілген жаңа өзгеріске сәйкес, шетел азаматтары Трамп кезінде мүлдем жойылған саяси баспана сұрау мүмкіндігіне қайта ие болды. Бірақ босқындардың құжат алуы ұзаққа, тіпті бірнеше айға созылып отыр. Шекарада күтуден бас тартқан адамдар болса  елден депортацияланады.

Жалпы АҚШ-қа жыл сайын 770 мыңдай мигрант заңсыз келеді екен.  Олардың дені Мексика, Үндістан, Филиппин азаматтары. Тексеруден өтпеген азаматтарға АҚШ-қа кіруге 5 жылға тыйым салынады. Осылайша соңғы айда Америкаға заңсыз кірмек болған  босқындар саны  70 пайызға азайды.  Жергілікті билік, бұл шектеулер Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр дейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу