АҚШ-та полицейлердің қолынан 492 адам көз жұмған

798

АҚШ-та полицейлердің қолынан 492 адам көз жұмған

Жыл басталғалы АҚШ-та полицейлердің қолынан 492 адам көз жұмған, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы жеке тексеру жүргізген жергілікті "Вашингтон Пост" басылымы жазды. Тәртіп сақшылары атып өлтірген әрбір төртінші адам психикалық сырқатқа шалдыққан болып шықты. Тағы осыншамасы қара нәсілді азаматтар. Қайғылы оқиғалардың дені Калифорния мен Техас штатында тіркеліп отыр. Сондай-ақ, жарты жыл ішінде 21 полицей қызмет бабында қаза тапқан. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе аз.

Айта кеткен жөн, "Вашингтон Пост" тілшілері тиісті санақты 2014 жылдан бері жүргізіп келеді. Өйткені ол кезде Фергюсон қаласында күштік құрылым өкілдері жеткіншекті атып өлтірген еді. Жасөспірімнің қазасы жергілікті жұрттың арасында үлкен алаңдаушылық тудырды.       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу