АҚШ-та прокурорлар Трампты сотқа бермек

624

АҚШ-та прокурорлар Трампты сотқа бермек

Мэриленд штаты мен Колумбия округінің бас прокурорлары АҚШ президенті Дональд Трампты сотқа бермек, деп хабарлайды BBC-ге сілтемемен 7kun.kz.

Арыз берушілер Трапмтың бизнесіне салынған шетелдік инвестициялар коррупцияға қарсы заңды бұзды деп айыптайды.

Бұл мемлекеттік шенеуніктер тарапынан жасалып отырған бірінші арыз. Биыл қаңтарда Трамп мүдделік қақтығыстардан ада болу үшін өзінің бизнес-активтерін бұдан былай балалары басқаратынан айтқан.

Бірақ Мэриленд штаты бас прокуроры Брайан Фрош мен Колумбия округінің  Карл Рэйсин "Трамп бизнестен бойын аулақ ұстау туралы уәдесін бұзды" деп есептейді.

Рэйсин мен Фрош жексенбіде Washington Post басылымына егер федералды сот тергеуді бастауға рұқсат етсе, олар Трамптан сотқа салық декларациясын көрсетуді талап ететіндіктерін айтқан. Бас прокурорлардың ойынша, іс жоғары сотта қаралуы мүмкін.

Рэйсин мен Фрош АҚШ конституциясындағы "сыйақылар туралы" бапқа сілтеме берген. Онда мемлекеттік шенеуніктерге шетелдік үкімет өкілдерінен сыйлықтар мен бонустар алуына қатаң тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу