АҚШ-та сайлауда 43 млн-нан астам адам мерзімінен бұрын дауыс берді

1009

АҚШ-та  сайлауда 43 млн-нан астам адам мерзімінен бұрын дауыс берді

АР ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ-та сайлауда 43,2 млн-нан астам американдық мерзімінен бұрын дауыс беру құқығын пайдаланды. Дауыс берушілер, әсіресе, 23 штат пен Колумбия федералдық округінде белсенді болып отыр. Флорида штатында шамамен 6,4 млн адам мерзімінен дауыс берген, деп жазады "КоммерсантЪ".

Сонымен қатар Калифорнияда – 4 млн, Техаста 4,5 млн американдық мерзімінен бұрын дауыс берді. Миллиондаған бюллетень әлі де сайлау комиссияларына келіп түсіп жатыр, дейді агенттік.

Осылайша, АР-дың болжамы бойынша, АҚШ-та мерзімінен бұрын дауыс берген тұрғындардың нақты саны 50 млн адамға жетуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін АҚШ-та 45-ші президентті сайлау өтеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу