АҚШ-та шот ашқан қазақстандықтар туралы ақпарат алынады

1872

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. 

АҚШ-та шот ашқан қазақстандықтар туралы ақпарат алынады

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың деректеріне сүйенсек, АҚШ қаржы ұйымдарымен халықаралық іскерлік операциялар жүргізетін барлық шетелдік қаржы ұйымдары АҚШ салық төлеушілерінің шоттары туралы ақпарат беруге міндетті. Заң жобасы қаржы ұйымдарының, оның ішінде кредиттік ұйымдардың, сақтандыру, брокерлік және басқа да осыған ұқсас компаниялардың қызметтерін қамтиды. Осы режимге қосылмаған жағдайда, егер төлемді алушы АҚШ-та салық салынатын тұлға болса және аударылған қаражат АҚШ-тағы инвестициялармен байланысты табыс болса, халықаралық банк аударымдары сомасының 30%-ы ұсталуы мүмкін. Келісімге қосылған қаржы институттары Қазақстанда шот ашқан барлық америкалық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты анықтауға әрі ашуға міндетті болады.

"Қазақстанның келісімге қосылуы АҚШ-та шот ашқан барлық қазақстандық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Яғни аталған мәселе бойынша елдер арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстанның бюджетіне де оң әсерін тигізеді", – деп нақтылады министр.

Ол Қазақстан орталықтандырылған ақпарат жинауды көздейтін модельді таңдағанын атап өтті. Бұл қаржы жүйесін бақылауды сақтауға, Қазақстанның азаматтары мен резиденттері туралы Ұқсас ақпаратты АҚШ-тан алуға, ҚР қаржы институттарының әкімшілік шығындарын қысқартуға, сондай-ақ келісім талаптарына байланысты қаржы секторы үшін тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу