АҚШ-та штаттардың жартысынан көбі мемлекеттік қызметкерлерге TikTok пайдалануға тыйым салды

650

Америка штаттарының жартысынан көбі қытайлық TikTok әлеуметтік желісін қызметтік құрылғыларда пайдалануға ішінара немесе толығымен тыйым салды, өйткені ҚХР билігі мемлекеттік ақпаратты иемденуі мүмкін деген қауіп бар.

АҚШ-та штаттардың жартысынан көбі мемлекеттік қызметкерлерге TikTok пайдалануға тыйым салды Фото: iXBT.com

Бұл туралы Inbusiness.kz CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Республикашылдар болсын, демократтар болсын басқаратын" барлығы 20-дан астам америкалық штаттардың басшылығы мұндай шешімге қолданба пайдаланушылардың көптеген деректерін жинайды және АҚШ инфрақұрылымын осал жағдайға қояды деген қорқыныштан барып отыр. Кейбір Штаттар Қытаймен байланысты басқа қосымшаларға, соның ішінде WeChat әлеуметтік желісі мен Alipay төлем жүйесіне тыйым салды.

Желтоқсан айының соңында АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы заң шығарушы орган қызметкерлеріне TikTok-ты жұмыс құрылғыларында пайдалануға тыйым салғанын еске саламыз.

АҚШ билігі TikTok қосымшасына және оның қытайлық иесі ByteDance-ке күдікпен қарауды жалғастырып келеді. Әсіресе платформаның ҚХР Коммунистік партиясымен байланыстары мен қытайлық шенеуніктер АҚШ деректеріне қол жеткізе алады деген сыбыс шыққалы бері алаңдаушылық арта түсті. Осыған байланысты Конгрессте шығындар туралы жиынтық заң жобасында үкіметтік құрылғыларға қосымшаны орнатуға тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу