АҚШ-та суға мұнай төгілді

1148

АҚШ-тың Хьюстон қаласына жақын жерде екі баржа мен танкер соқтығысып, суға 9 мың баррель мұнай төгілді.

АҚШ-та суға мұнай төгілді

Оқиға теңіз айлағына жақын жерде орын алды. Танкер мұнай тиелген баржаларды қағып, оның бірінің бүйірі тесіліп қалған, деп хабарлайды 24.kz..

Кемелердің соқтығысуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір төтенше жағдайлар қызметі апаттың салдарымен күресіп жатыр.

Шикізат теңізге әлі ағып жатыр. Кей мәліметтерге қарағанда, әр баржада 15 мың баррель мұнай болған көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу