АҚШ-та тағы бір банк жабылды

590

Бұл жолы Нью-Йорктегі Signature Bank банкротқа ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

АҚШ-та тағы бір банк жабылды Фото: cnbc.com

Ол – жүйелік тәуекелдерге байланысты қабылданған шешім. Осының алдында АҚШ-тың ірі 20 банкінің қатарына кіретін Silicon Valley Bank те жабылған еді. Ол 2008 жылы бүкіләлемдік қаржы дағдарысынан кейін құрдымға кеткен ең ірі банк болып отыр. Ұйым технологиялық кәсіпорындарды қаржыландырумен айналысқан.

Бұл жағдай қор нарығын құлдыратып, инвесторлар арасында дүрбелең туғызды.

АҚШ әкімшілігінің өкілдері Silicon Valley Bank-ті құтқарып қалмайтындарын жеткізді. Десе де салымшыларына қолдау көрсетілетінін айтты.

Қазынашылық хатшысы Джанет Йеллен, Федералдық резервтік жүйе төрағасы Джером Пауэлл және Федералдық депозиттерді сақтандыру корпорациясының (FDIC) төрағасы Мартин Грунберг банктің жабылуы туралы бірлескен мәлімдеме жасады.

"Біз, бүгін сондай-ақ Нью-Йорктегі Signature Bank осындай жүйелік тәуекелге байланысты жабылғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу