АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

815

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейдің ұсталғанын хабарлады.  

АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды Фото: instagram.com/icegov

Ведомствоның мәліметінше, операция 5 маусым күні федералдық серіктес құрылымдардың қатысуымен жүргізілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өткен жылдың жазында АҚШ-тың иммиграциялық соты Еламан Балтагерейді елден депортациялау туралы шешім шығарған. Алайда Қазақстан азаматы сот отырысына келмеген.

ICE мәлімдеуінше, Еламан Балтагерей құқық қорғау органдары "белгілі немесе терроризмге қатысы болуы мүмкін тұлғалар" қатарына енгізген адамдардың тізімінде болған.

Қазіргі уақытта ол ICE қамауында отыр және депортациялау рәсімі аяқталғанға дейін сол жерде болады.

АҚШ ведомствосы Дональд Трамп әкімшілігі кезінде терроризммен байланысы бар деп күдікке ілінген заңсыз мигранттарды анықтау мен ұстауға ерекше назар аударылып жатқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу