АҚШ-та торнадо мен қарлы боран жиіледі

480

Оңтүстігінде торнадо, ал солтүстігінде қалың жауған қардан тұрғындар зардап шегуде.    

АҚШ-та торнадо мен қарлы боран жиіледі Фото: forumdaily.com

Техаста кем дегенде бес торнадо жүріп өтті, салдарынан бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ұлттық ауа райы қызметіне сілтеме жасап.

Форт-Уэрт маңындағы ондаған үйлер мен іскери ғимараттар бүлініп, дауылдың салдарынан Даллас халықаралық әуежайында мыңға жуық рейс тоқтатылды.

Луизианада Шривпорт қаласындағы торнадо салдарынан екі адам жоғалып кетті. Оларды ғимараттардың қирандылары арасынан құтқару бөлімшелері иттермен іздеді.

Оклахомадағы дауылдан бірнеше адам зардап шекті. Метеорологиялық қызметтің мәліметі бойынша, мұнда желдің екпіні сағатына 200 шақырым жылдамдыққа жеткен.

Монтанада, Колорадо мен Небраскада билік қалың қар жауып, қар үйінділерінің биіктігі 60 см-ден асуы мүмкін екенін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу