АҚШ-тың Бейнелеу өнері комиссиясы АҚШ-тың 250 жылдығына орай Дональд Трамп бейнеленген 24 караттық алтын монета шығаруға дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Монетада Сопақ кабинеттегі Дональд Трамп бейнеленеді, бір жағында "1776", ал екінші жағында "2026" сандары болады, деп хабарлайды NBC News.
– 250 жылдық мерейтойымыз жақындаған сайын біз еліміз бен демократиямыздың мәңгілік рухын бейнелейтін монеталарды дайындайтынымызға қуаныштымыз. Мұндай монета үшін қазіргі президент Дональд Трамптың портретінен артық символикалық бейне жоқ, – деді АҚШ қазынашысы Брэндон Бич.
2020 жылғы Коллекциялық монеталарды қайта жобалау туралы заңға сәйкес, Қазынашылық департаменті "2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір жылға Америка тәуелсіздігінің 250 жылдығын бейнелейтін дизайны бар 1 долларлық монеталарды шығаруы мүмкін".