АҚШ-та трансгендерлерге төлқұжаттағы жынысын өзгертуге тыйым салынды

162

Енді төлқұжатта адамның биологиялық жынысы көрсетілуі тиіс. 

АҚШ-та трансгендерлерге төлқұжаттағы жынысын өзгертуге тыйым салынды Фото: AP

АҚШ-тың Жоғарғы соты трансгендерлерге туған кездегі биологиялық жынысты төлқұжатта өзгертуге тыйым салды. Бұл туралы NBC News жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ азаматтары Джо Байден президент болған тұста төлқұжаттарында үш түрлі гендерлік белгі қоя алатын. Яғни, ер, әйел немесе Х атты бейтарап жыныс.

АҚШ Жоғарғы сотының шешімінде биологиялық жынысты көрсету ел мен туған жерді көрсету секілді тарихи деректі бекіту деп саналатыны жазылған. Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Жоғарғы соттың шешімін Траматың үлкен жеңісі деп атады. Ақ үй басшысы Дональд Трамп қызметіне кіріскен алғашқы күні-ақ екі жынысты ғана мойындайтын жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін Ұлыбританияның Жоғарғы соты да трансгендерлерді әйелдер қатарына қосудан бас тартқан.

14 сәуірде Мажарстан парламенті ел Конституциясына түзету енгізіп, тек екі жынысты, яғни ер мен әйелді ғана мойындау туралы шешім қабылдады. Бұл шешімді 140 депутат қолдап, 21 депутат қарсы шыққан, қалыс қалғандар болмаған. Жаңа Конституция нұсқасында отбасының негізі тек ер мен әйел арасындағы неке деп көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу