АҚШ-та туған балалар азаматтық алуға құқылы

111

Жоғарғы Сот Трамптың жарлығын тоқтатты.    

АҚШ-та туған балалар азаматтық алуға құқылы Фото: secondwindeb5.com

АҚШ-тың Жоғарғы Соты Дональд Трамптың ел аумағында туған балаларға автоматты түрде Америка азаматтығын беруді тоқтату туралы жарлығының күшін жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Guardian басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың жоғары сот органы Трамптың екінші президенттік мерзімінің алғашқы күнінде қол қойған атқарушы жарлығын заңсыз деп таныды. Осылайша, сот АҚШ аумағында дүниеге келген балалар үшін көпжылдық конституциялық кепілдікті күшінде қалдырды.

Дональд Трамп бұл шешімді бірден сынға алып, судьялардың үкімін "ел үшін нашар қадам" деп атады. Сонымен қатар, Америка Президенті Конгрестегі республикашыл көпшілікті бұл мәселеге араласуға шақырып, сот шешімін айналып өтіп, автоматты азаматтықты жоюға мүмкіндік беретін арнайы федералды заң әзірлеуді талап етті.

Трамптың бұл бастамасын Парламент те қолдап үлгірді. Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон қазіргі норманың "тым қатты теріс пайдаланылып жатқанын" мәлімдеді. Оның айтуынша, шетелдіктер болашақта балалары Американың әлеуметтік игіліктерін пайдалана алуы үшін АҚШ-қа тек босану мақсатымен ұшып келеді.

Ақ үй басшысы былтырдан бері бұл заңнамаға шектеу қойғысы келіп, бірқатар бастама көтерген. Ол заңсыз мигранттар мен ел ішінде уақытша жүрген шетелдіктердің балалары АҚШ юрисдикциясына жатпайды, сондықтан азаматтық ала алмайды деп санайды. Алайда Жоғарғы Сот бұл ұстанымды қолдамай, 1868 жылдан бері қолданыстағы конституциялық қағиданы өзгеріссіз қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу