Аталған көрсеткіш алдағы онжылдықта 400 гигаваттқа жетуге тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сұраныстың артуына жасанды интеллектінің қарқынды дамуы және электркөлік өндірісіне басымдық берілуі себеп. Алайда атом энергетикасының қауіпті тұстары да бар. Мәселен, ядролық қалдықтар. Дональд Трамптың деректер орталықтарын энергиямен қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды жоспарлары күн тәртібіне ескі мәселені қайта шығарды. Ол – аса уытты қалдықтарды көму мәселесі. Мұндай қалдықтар ядролық реакторлардың жұмысы нәтижесінде пайда болады. Алайда басты қиындық ел аумағында оны сақтайтын қойманың жоқтығы мәселеге айналып отыр.
Қазір шамамен 100 мың тонна радиоактивті материал атом электр станцияларында уақытша сақтаулы. Мәселені шешу үшін билік қалдықтарды жер астына орналастыруға дайын өңірлерге іздеу жариялады. Есесіне штаттарға федералдық қолдау мен атом энергетикасына инвестиция тартуға жәрдем беріледі. Штат тұрғындарына ойлануға 60 күн мерзім берілді.