21 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының уәкілетті органдары ел аумағында заңсыз жүрген адамдарды депортациялау үшін тағы бір чартерлік рейс жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл рейспен Өзбекстанның 44 азаматы отанына қайтарылды.
Чартерлік рейс АҚШ-тың тиісті мемлекеттік органдарымен бірлесіп ұйымдастырылғаны және оны жүзеге асыру "Өзбекстан азаматтарының еліне қауіпсіз және уақытылы оралуын қамтамасыз еткені" атап өтілді.
"Бұл жәйт Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір маңызды мысалы болып табылады. Басқа елдердегі еліміз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың заңды құқықтарын қорғау және оларды отанына қайтару бойынша ынтымақтастық жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.