АҚШ-та жолаушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырап, адамдар қаза тапты

151

Бұл туралы Fox News хабарлады.

АҚШ-та жолаушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырап, адамдар қаза тапты Фото: mathrubhumi.com

АҚШ-тың Миннесота штатында Robinson R66 маркалы тікұшақ апатқа ұшырады. Оқиға Лейквилл қаласындағы Эйрлейк әуежайының маңында болған. Әуе көлігі елдімекеннен тыс жерге құлап, бірден өртке оранған. Жердегі тұрғындар мен нысандарға зиян келмеген.

Қазірдің өзінде қаза тапқандардың нақты саны жарияланған жоқ. Құтқару қызметі мен полиция апат орнында жұмыс істеп жатыр.

Robinson R66 – бір қозғалтқышпен жұмыс істейтін, 5 орындық, заманауи әйнек кабинасы бар жеңіл тікұшақ. Ол әдетте жеке рейстер мен шағын жолаушылар тасымалы үшін қолданылады.

Апаттың себебі әзірге белгісіз. Федералдық авиация әкімшілігі мен Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу