АҚШ-тағы дауыл салдарынан үш адам қаза тауып, мыңдаған адам жарықсыз қалды

350

Елдің шығыс жағалауындағы қатты дауыл үш адамның өліміне, электр қуатының үзілуіне, су тасқынына және рейстердің кешігуіне әкеп соқтырды. 

АҚШ-тағы дауыл салдарынан үш адам қаза тауып, мыңдаған адам жарықсыз қалды Фото: видеодан кадр

Дүйсенбі күні кешке АҚШ-тағы шығыс жағалаудың миллиондаған тұрғындары су тасқынын бақылап, 635 мыңнан астам адам жарықсыз қалған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің (NWS) хабарлауынша, толассыз жауған жаңбыр өзен тасқыны мен су тасқынына әкелді. Тіпті кейбір аудандарда жол шайылып кетті.

Алғашқы өлім Оңтүстік Каролинада расталды. Шенеуніктердің айтуынша, 72 жастағы Нэнси Морроу суға батып кеткен көлікке кептеліп қалып, опат болды.

Сондай-ақ, Массачусетс штатында қатты желдің салдарынан 89 жастағы Роберт Харкенің тіркемесіне ағаш құлап, басынан ауыр жарақат алғаннан кейін ол қайтыс болған.

Сонымен қатар, полиция әлі жеке басын анықтамаған үшінші адам Мэн штатында өмірден озды. Ресми мәліметтерге сәйкес, оның үстіне ағаш құлаған.

FlightAware агенттігінің мәліметінше, қатты жел мен жаңбырдың салдарынан 500 рейс тоқтатылып, 4900-ден астам рейс кейінге шегерілген. Соның ішінде, ең көп зардап шеккен Бостон және Нью-Йорк аудандарындағы әуежайлар.

Жалпы, Бостондағы (Массачусетс штаты) желдің жылдамдығы  80 км/сағатты құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу