АҚШ-тағы дауылды аймақта жүздеген қазақстандық болуы мүмкін

819

АҚШ-тағы дауылды аймақта жүздеген қазақстандық болуы мүмкін

АҚШ-тағы "Харви" дауылы жайпап өткен аймақта жүздеген қазақстандық болуы мүмкін. Бұл туралы Сытқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, табиғи апат болған Техас штатында қазақстандықтармен қазір дипломаттар байланыс орнатуда. Әзірге дауылдан зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.

Айта кетейік, дамылсыз дауыл Техас штатындағы Хьюстон қаласын шайып кеткен. Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан болған апатта екі адам көз жұмып, екі мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Харви дауылынан АҚШ-тың 'нергетика министрі Рик Перриге Қазақстанға жасайтын сапарынан бас тартуға тура келген. Ол ЭКСПО көрмесіне келетін америкалық делегацияны бастап келмек болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу