АҚШ-тағы "Ида" дауылынан қаза тапқандардың саны 80-нен асты

549

Оның 26-ы – Луизиана штатының тұрғындары. 

АҚШ-тағы "Ида" дауылынан қаза тапқандардың саны 80-нен асты

АҚШ-та "Ида" дауылы ойран салып, салдарынан қаза тапқандардың саны 82-ке жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz  CBS News сайтына сілтема жасап. 

Ресми дерек бойынша, елдің солтүстік-шығысында құрбан болғандардың саны 50-ден асты. Оңтүстік-шығыс штаттарда 30 адам ажал құшты, оның 26-ы – Луизиана штатының тұрғындары.

Бұған дейін The New York Times Мексика шығанағында Луизиана штатында болған Ида дауылынан кейін, мұнай құбырдан аққанын хабарлаған еді. Оны АҚШ-тың ұлттық мұхиттық және атмосфералық зерттеулер басқармасы мен жерсеріктері тіркеді.

Америкалық басылымның мәліметінше, мұнай 16 шақырымға қашықтыққа таралған. 
Төртінші санаттағы "Ида" дауылы 29 тамызда Луизиана штатында ойран салды. Сұрапыл дауыл салдарынан миллионға жуық адам электр жарығынсыз қалды. Сондай-ақ аймақта орналасқан Waterford АЭС инфрақұрылымына да зақым келді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу