АҚШ мұсылмандары Байденге қатаң талап қойды

456

Белсінділер Газа секторындағы атысты тоқтатуды талап етті.

АҚШ мұсылмандары Байденге қатаң талап қойды Фото: Drew Angerer

АҚШ Ұлттық Мұсылман Демократиялық Кеңесі (NMDC) мен АҚШ Демократиялық партиясының белсенділері президент Джо Байденге ультиматум қойып, Газа секторында атысты тоқтатуды қамтамасыз ету үшін Израильге бар ықпалын пайдалануды талап етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Белсенділер ашық хатта Байден әкімшілігінен "31 қазан, сейсенбі, АҚШ шығыс уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін атысты тоқтатуды қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауды" талап етті.

Егер талап орындалмаса 2024 жылғы сайлауда Байден мұсылман және араб сайлаушыларының көп бөлігінің қолдауынан айырылады деп уәде берді.

Ультиматумда Газадағы жағдайдың қазірдің өзінде "сыни нүктеге жеткені" және Израильдің АҚШ-тың сөзсіз қаржылық және әскери қолдауы маңызды рөл атқарғаны атап өтілді.

Сондай-ақ, негізгі күш-жігердің кандидаттар арасындағы бәсекелестік ең жоғары Мичиган, Огайо және Пенсильвания штаттарындағы наразылық акциясына сайлаушыларды тартуға бағытталатыны баса айтылды.

Агенттік атап өткендей, 2020 жылғы АҚШ президенттік сайлауында шамамен 1,1 миллион, 64 пайыз мұсылман Джо Байденге, 35 пайызы Дональд Трампқа дауыс берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу