АҚШ-тан Қазақстанға халықаралық пошта арқылы есірткі әкелмек болған бір топ адам ұсталды

477

Жалпы салмағы 500 гр. болатын кептірілген марихуана тәркіленді.  

АҚШ-тан Қазақстанға халықаралық пошта арқылы есірткі әкелмек болған бір топ адам ұсталды Фото: kznews.kz

Есірткі заттары басқа зат түрінде штаттардан Алматы қаласына жіберіліп, одан ары Астанаға жөнелтілген, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМА елордалық Департаментінің қызметкерлері есірткі заттарын одан әрі бақыланатын жеткізуді жүзеге асырды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат есірткі болып табылады. Жалпы салмағы 500 гр. болатын кептірілген марихуана.

Сәлемдемені Астана тұрғыны алып, одан әрі орау үшін басқа азаматқа берді. Аталған азаматтар сәлемдемені қабылдау-тапсыру кезінде ұсталды. Олар УҰИ қамалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу