АҚШ-тан кеткісі келетіндер қатары артқан

912

Гэллап институты жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, АҚШ-тан кеткісі келетін америкалықтардың саны рекордтық көрсеткішке жеткен.

АҚШ-тан кеткісі келетіндер қатары артқан

2017-2018 жылдары америкалықтардың 16% тұрғылықты мекенін ауыстыру үшін басқа елге кеткісі келетінін білдірген. Дегенмен, бұл – әлемдік стандарттармен салыстырмалы түрде алғанда, орташа көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елден біржола кеткісі келетіндердің ішінде әйелдер жағы басым, олардың 20% осындай ниет танытқан. Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 13% айналасында. Жас ерекшеліктері жағынан алғанда, 30 жасқа толмағандардың 30%-ы, сондай-ақ табысы аз америкалықтардың да шамамен үштен бірі (30%) басқа елден бақыт іздегісі келеді.

Сауалнама нәтижесіне қарағанда, Канадаға көз тіккен америкалықтардың саны бұрынғысынан да артып келеді. 2016 жылы бұл көрсеткіш 12% болса, 2018 жылы Америкадан кеткісі келетіндердің 26%-ын солтүстіктегі көршісі қызықтыра бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу