АҚШ-тан пошта арқылы келген сәлемдемеден ірі көлемде есірткі тәркіленді

312

Күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. 

АҚШ-тан пошта арқылы келген сәлемдемеден ірі көлемде есірткі тәркіленді Фото: видео скриншот

Қаржы мониторингі агентоігінің Алматы қаласы бойынша департаменті психотроптық заттарды ірі көлемде мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін тергеп-тексеруде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен "Жетісу" кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылып, тәркіленді", - делінген ҚМА хабарламасында. 

Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген.

Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген адамға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде, тергеу мүддесіндегі өзге мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу