АҚШ-тан пошта арқылы есірткі жеткізбек болған қазақстандық 16 жылға сотталып кетті

131

Ақмола көлік прокуратурасы және Астана қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ел аумағына есірткі құралдарын, оның ішінде халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы әкелуге жол бермеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдап жатыр.

АҚШ-тан пошта арқылы есірткі жеткізбек болған қазақстандық 16 жылға сотталып кетті Фото: Видеодан скриншот

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан ҚР азаматтарының атына халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы тұрмыстық өнім ретінде жасырылған есірткі заттары түскені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– "Қазпошта" АҚ Астана қаласындағы кедендік бақылау аймағында 1,2 кг гашиш майы тәркіленді. Сонымен қатар, айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде Алматыда 4,38 грамм оралған мефедрон табылды, деп жазды Бас прокуратурадан.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды контрабандаға және өткізуге кінәлі деп таныды.

Оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу