АҚШ Түркиядан Швецияны НАТО-ға кіргізуді талап етті

665

АҚШ Түркияға Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруіне қатысты талап қойып, қорқытуға дейін барды.  

АҚШ Түркиядан Швецияны НАТО-ға кіргізуді талап етті Фото: egemen.kz

Бұл туралы Responsible Statecraft жаңалықтар порталы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

"Егер Анкара Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруіне тосқауыл болса,онда F16 жойғыштары туралы мүлдем ұмытсын", - деді америкалық сенатор Крис Ван Холлен.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған оның елі Финляндияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін Швециядан бөлек қарастыра алатынын мәлімдегенін еске саламыз. 

Бұған дейін Дат ультра оңшыл саясаткері, исламға қарсы Stram Kurs партиясының ("қатаң курс") басқарушысы Расмус Палудан жұрт көзінше Құранды өртеп жіберді. Бұл әрекетке Швеция билігі рұқсат бергені анықталды. Жауап ретінде Түркия Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсылығын білдірді. 

Кейін Финляндияның премьер-министрі Пекка Хаависто Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруі туралы Түркиямен келіссөздерді уақытша тоқтатқанды жөн көрді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу