АҚШ Түркияға қарсы санкцияның күшін жойды

820

Дегенмен, қандай да бір қантөгіс болса, Түркияға қарсы қысым күшейетінін хабарлады.

АҚШ Түркияға қарсы санкцияның күшін жойды

Трамп Түркияға салған санкциялардың күшін жойды. Оған түріктердің Сирияға шабуыл жасауды тоқтатуы себеп болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Ақ үй жетекшісі егер тағы, қандай да бір қантөгіс болса, Түркияға қарсы қысым күшейетінін хабарлады.

Сондай-ақ, Сирияның солтүстігінен Американың қарулы күштері біртіндеп шығарылады. Бірақ оның шешімін конгрестегілер құптап отырған жоқ. Олар Трамп осы арқылы түріктерге күрдтерге қарсы әскери операция жасауға, ал Ресейге Сириядағы ықпалын күшейтуге жол берді деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу