АҚШ Түркияға санкция салмайды

1007

Америкалық делегацияны қабылдаған Ердоған лаңкестер шекаралық аймақты босатса ғана, әскери операция аяқталатынын айтты. 

АҚШ Түркияға санкция салмайды Фото: tass.ru

АҚШ пен Түркия Сирияның солтүстігіндегі әскери операцияны тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлайды Atameken Business

Түріктер күрдтерге 120 сағат ішінде қауіпсіздік аймағынан кетуге мүмкіндік берді.

Бірақ бұл шиеленіс шешімін тапты дегенді білдірмейді. Америкалық делегацияны қабылдаған Ердоған лаңкестер шекаралық аймақты босатса ғана, әскери операция аяқталатынын айтты. Осыдан кейін АҚШ түріктерге қарсы санкция салынбайтынын хабарлады. Бұған дейін жасалған шектеулердің барлығы шабуыл тоқтаса ғана алынып тасталады.

Сириядағы билік аталған келісімді күмәнді деп санайды.

Естеріңізге сала кетейік, Дамаскте түріктердің әрекетін Сирия территориясына жасалған оккупация деп санайды. Сирияның демократиялық күштері  болса, күрдтер атысты тоқтатуға келіскенін хабарлады. Ал Түркияның дипломаттары АҚШ-пен жасалған келісімге қарамастан, Анкара мен Мәскеу арасында Сирияның бірқатар аймағын бақылауға қатысты келіссөздер жалғасатынын мәлімдеді. Келесі аптада Ердоған Ресейге аттанып, 22 қазан күні Сочиде Путинмен кездеседі.

"Түркия Президенті Ердоғанға алғыс айтқым келеді. Күрдтер мен күрд жетекшілеріне де ризашылығым зор. Осы істі атқару үшін көмек көрсеткен басқа да елдерге рахмет. Бұл шынымен де бір аса ауқымды жұмыс, тынған іс болды. Лаңкестер бақылауға алынады. Біз олардың еркінсуіне жол бермейміз. Оған қажетті барлық жаңдай жасалған. Осы іске араласуымыздың өзі – мен үшін зор мәртебе",– деді АҚШ Президенті Дональд Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу