АҚШ түрлі санкцияларымен Венесуэланы қыспаққа алмақ

636

АҚШ түрлі санкцияларымен Венесуэланы қыспаққа алмақ

Венесуэла үкіметі АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа санкциялары заңсыз екенін айтып, жағдайға алаңдаушылықтарын білдірді, деп хабарлайды 24.kz.

Сыртқы істер министрі Ақ үй басшысының іс-әрекеті халықаралық құқық талаптарына сай емес дегенді алға тартты.

Еске сала кетейік, Дональд Трамп америкалық азаматтардың Венесуэла үкіметінің қарызына қатысты кез келген төлемді жүзеге асыра алмайтыны туралы құжатқа қол қойды. Мұндай шешім президенттік сайлау нәтижесі бойынша Николас Мадуроның жеңіске жеткеніне байланысты қабылданды.

Мадуро Венесуэлада өткен президент сайлауында шамамен 68 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. Оның кандидатурасын 5 миллион 800 мың адам жақтады. Енді Мадуро Венесуэланы 2025 жылға дейін басқарады.

Бірқатар мемлекет президент сайлауының қорытындысын мойындамады. Олардың қатарында Латын Америкасы елі  мен АҚШ бар.

"АҚШ үкіметі түрлі санкцияларымен бізді қыспаққа алмақшы. Алайда бұл қысымдар халықаралық нормаға сай емес, тіпті мазақ сияқты көрінеді. Бірақ сайлау кезінде Венесуэла халқы өзінің тәуелсіздігін күллі әлемге танытты деп есептеймін. Ешқандай шектеу Венесуэла халқын қорқыта алмайды", - дейді Венесуэла сыртқы істер министрі Хорхе Арреаса.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу