АҚШ-тың еліміздегі биылғы астық өндірісіне болжамы өзгермеді

879

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің сәуір айындағы шолуында бидай экспорты мен импорты бойынша болжам сақталды – 8,5 млн тонна және 60 мың тонна.

АҚШ-тың еліміздегі биылғы астық өндірісіне болжамы өзгермеді

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018-2019 ауыл шаруашылығы жылына жасаған болжамында (2018 жылдың шілдесі мен 2019 жылдың маусымы аралығына) Қазақстандағы бидай өндіруді 13,95 млн тонна деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.

Ведомствоның сәуір айындағы шолуында айтылғандай, бидай экспорты мен импорты бойынша болжам да сақталды – тиісінше 8,5 млн тонна және 60 мың тонна.

2019 жылдың 1 шілдесіне ауыспалы астық қоры 1,27 млн тоннаға бағаланды.

Айта кетсек, Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі 2019 жылы 19,5 млн тонна астық жинауды болжайды.

Елімізде 2018 жылғы егіннің жалпы түсімі 22,8 млн тоннаны құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу