АҚШ-тың еліміздегі жаңа елшісі Алтай тауларын аралағысы келетінін айтты

1049

Даниал Ахметов пен АҚШ елшісі Курчатов қаласында кездесті.

АҚШ-тың еліміздегі жаңа елшісі Алтай тауларын аралағысы келетінін айтты

Фото: Тілеубек Шаяхмет

АҚШ Шығыс Қазақстан облысымен бірнеше бағыттағы əріптестігін нығайтуға мүдделі. Бұл туралы бүгін Курчатов қаласында өткен екіжақты келіссөздер барысында АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше жəне өкілетті елшісі Уильям Мозер мырза мəлім етті, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Бұл менің Шығысқа Қазақстанға жасаған алғашқы сапарым. Жалпы, мен үшін бірінші кезекте облыстардың əлеуетімен, тыныс-тіршілігімен танысу маңызды. Өйткені, Қазақстан – бұл тек қана Нұр-Сұлтан емес. Мəселен, сіздердің өңірлеріңіз Алтай тауларымен танымал. Мен де сол ғажайып табиғатты өз көзіммен көргім келеді. Сол сияқты экономикалық мəселелерді де назардан тыс қалдырмайтынымыз анық", – деді елші мырза.

Өз кезегінде облыс əкімі Даниал Ахметов мәртебелі мейманды өңірдің əлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныстырып, бірнеше бағыттағы əріптестікті нығайтуға шақырды. Атап айтсақ, аймақ басшысы америкалықтар Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықтың жобаларына қолдау білдірсе деген тілегін, сонымен қатар туризм, өнеркəсіп, денсаулық сақтау салаларындағы байланысты арттыруға мүмкіндік мол екенін айтты.

"Америкалықтармен ұқсас тұстарымыз көп. Бұған қоса біз Қытай Халық Республикасымен шектесетін өңірміз, демек сауда-саттықтың əлеуеті де жоғары. Өңірде америкалық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан бірқатар жоба бар. Сол себепті, бізге жиірек келіңіздер. Біз де əріптестігіміздің бұдан да жоғары деңгейге көтерілгенін қалаймыз", – деді облыс əкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу