АҚШ-тың ең ірі әуежайлары кибершабуылға ұшырады

774

Хакерлер дүйсенбіде АҚШ-тағы кейбір ірі әуежайлардың ақпараттық жүйелеріне кибершабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасап.

АҚШ-тың ең ірі әуежайлары кибершабуылға ұшырады

Алғашқы шабуылдар Нью-Йорктегі Ла-Гуардия әуежайында сағат 3:00 шамасында тіркелді. Кейінірек мамандар Лос-Анджелес халықаралық әуежайы мен Чикагодағы О'Хара халықаралық әуежайының сайттарындағы ақауларды атап өтті.

Шабуылдар әуежайлардағы кептеліс пен күту уақытын көруге болатын сайттарға кіруге кедергі келтірді. Алайда, хакерлердің әрекеттері әуе қозғалысын басқаруға, көлік қауіпсіздігіне және ұшақтармен байланыс желілеріне әсер етпеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу