АҚШ-тың ФРЖ базалық мөлшерлемені 0,25-0,5%-ға дейін көтерді

740

Жыл соңына дейін көрсеткіш 1,75-2%-ға дейін жетуі мүмкін.

АҚШ-тың ФРЖ базалық мөлшерлемені 0,25-0,5%-ға дейін көтерді

АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі базалық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа,  0,25-0,5%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz реттеушінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Соңғы мәрте ФРЖ мөлшерлемені 2018 жылдың желтоқсанында арттырған еді. Содан бері көрсеткіш тек төмендетіліп келді.

Қаржы реттеушісі Украинадағы жағдай экономикалық қиындықтарға әкеліп соғатынын мәлімдеді. 

"АҚШ экономикасы үшін бұл жағдайдың салдары белгісіз. Бірақ қысқа мерзімде Ресейдің Украинаға басып кіруі инфляцияға қосымша қысым жасап, экономикалық белсенділікті төмендетуі мүмкін", – деп жазылған құжатта.

ФРЖ басшысы Джером Пауэлдың айтуынша, 2022 жылы мөлшерлеме бірнеше мәрте өседі. Жыл соңына дейін көрсеткіш 1,75-2%-ға дейін жетуі мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу